Денсаулық сақтау министрлігі пренаталдық медицинаны жақсарту бойынша шаралар қабылдауда
Елімізде алғаш рет сараптамалық топ ҚР-дағы медициналық- генетикалық қызметтің жұмысын регламенттейтін, ҚР Денсаулық сақтау министрі бекіткен "Қазақстан Республикасында медициналық – генетикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты" нормативтік құжат әзірленді.
Бүгінгі таңда перинаталдық нәтижелерді жақсарту мақсатында сараптамалық деңгейдегі медициналық қызметтер көрсету үшін өңірлерде ұйымдастырылған "Ұрықты сақтау орталықтарының" қызметі жетілдірілуде.
ҚР ДСМ бас генетигі, профессор Әбілдинова Гүлшара Жүсіпқызы медициналық генетиктердің кәсіби даярлығын арттыру бойынша іс-шараларды іске асыруда, пренаталдық биохимиялық скринингтік зерттеу жүргізу бойынша ҚР өңірлерінің мамандарын кезең-кезеңімен оқыту жалғасуда.
Жүктілік кезінде скринингтік зерттеулерді уақтылы жүргізу, пренаталдық медицинаның соңғы жетістіктеріне негізделген заманауи және тиімді медициналық технологияларды енгізу туа біткен патология бойынша қауіп тобын бөліп көрсетуге және ұрықтың даму ауытқуларының үлкен спектрін диагностикалауға мүмкіндік береді.
Пренаталдық скринингтің қызметін одан әрі дамыту және тиімді жетілдіру үшін бұл жұмысты Денсаулық сақтау министрлігі жалғастыратын болады.