Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан мен Сингапур арасындағы экономикалық байланыс нығая түспек

20-09-2023, 16:48 Жұлдызай Кәкімова

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сингапурлық «Surbana Jurong Group» компаниясының бас директоры Шон Чао мырзамен кездесті.

Кездесуде электр энергетикасы, жаңартылатын энергия көздері, көлік инфрақұрылымы, сумен жабдықтау саласындағы ынтымақтастық бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Ерұлан Жамаубаев 2022 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 2021 жылмен салыстырғанда 65,1%-ға өсіп, $1,9 млрд-қа жеткенін атап өтті. Қазақстан экономикасына сингапурлық капитал инвестициясының тұрақты өсімі байқалады. 2023 жылдың бірінші тоқсанында $92,2 млн жиналды. Ал жалпы 20 жылдан аз уақыт ішінде Сингапурдан $1,2 млрд тартылды.

Сондай-ақ ол бүгінде Қазақстанда сингапурлық капиталдың қатысуымен 200-ден астам кәсіпорын жұмыс істейтінін атап өтті.

«Біз Орталық Азиядағы инвестициялық көшбасшы болып қалу үшін шетелдік инвестициялардың ағынын қолдауға қажетті барлық мүмкін шараларды қабылдаймыз», — деді Ерұлан Жамаубаев.

Сонымен қатар вице-премьер Сингапурдың Оңтүстік-Шығыс Азия аймағындағы негізгі серіктес ретіндегі маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында «Surbana Jurong Group» компаниясының бас директоры Шон Чао Қазақстан мен Сингапур аймақтарын түрлі салалардағы көп жылдық тығыз ынтымақтастық байланыстыратынын, оны кеңейту үшін жеткілікті әлеует бар екенін жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив