Cемей-8°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Біріккен Ұлттар Ұйымында дінаралық және конфессияаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

21-09-2023, 12:46 Жұлдызай Кәкімова

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратиноспен келіссөздер жүргізді.

Қазақстан СІМ басшысы М. Моратиносқа Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жұмысына қатысқаны үшін, сондай-ақ өркениетаралық диалогты нығайту ісіне қосқан жеке үлесі үшін алғысын білдірді. М. Нұртілеу Өркениеттер Альянсының әртүрлі діндер мен мәдениеттер арасында көпір салу жөніндегі миссиясы Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетіндігін атап өтті.

Кездесу барысында М. Моратинос дінаралық және конфессияаралық диалогты ілгерілетуге мүмкіндік беретін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің бірегейлігін жоғары бағалады, сондай-ақ VII Съездің қорытынды декларациясын қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2024 жылы БҰҰ штаб-пәтерінде VII съезд декларациясында баяндалған идеяларды ілгерілету үшін бірлескен іс-шара ұйымдастыру туралы уағдаласты.

Анықтама: Өркениеттер альянсы 2005 жылы БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Кофи Аннанның, Испания мен Түркияның бастамасымен құрылды. Альянстың басты мақсаты – әртүрлі діндер мен қауымдастықтар арасындағы мәдениетаралық диалогты жақсарту үшін елдер, ұйымдар, азаматтық қоғам және жеке сектор арасында жол ашу. Альянстың Достар тобы бүгінгі күні 160 елден тұрады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив