Қазақстан мен Жапония СІМ басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Жапонияның Сыртқы істер министрі Йоко Камикавамен кездесті.
Тараптар Қазақстан-Жапония ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
М. Нұртілеу сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтудің айтарлықтай әлеуетін атап өтті. Жасыл энергетика, көлік және логистика сияқты секторлардағы инвестициялық ынтымақтастықты әртараптандыруға ерекше назар аударылды.
Й. Камикава Астана мен Токио арасындағы БҰҰ, «Орталық Азия + Жапония» диалогы сияқты халықаралық ұйымдар мен форумдар аясындағы өзара іс-қимылды жоғары бағалады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар кеңейтілген стратегиялық әріптестік рухында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады.
Анықтама: Жапония 1993 жылдан бері жалпы инвестиция көлемі 7,8 миллиард доллардан асатын Қазақстан экономикасына ірі шетелдік инвесторлардың бірі. Екі ел арасындағы екіжақты тауар айналымы 2022 жылы 1,9 млрд АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 71%-ға артық.