Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
461.26 542.58 6.18

Оқушылар арасында тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты басталды

21-09-2023, 14:59 Жұлдызай Кәкімова

21-24 қыркүйекте Алматы қаласында ADD үстел теннисі орталығында тоғызқұмалақтан оқушылар арасында (U-15, U-17) әлем чемпионаты өтеді.

Сайысқа әлемнің 16 елінен ойыншылар қатысады: Өзбекстан, Түркия, Румыния, Венгрия, Испания, Қырғызстан, Польша, Моңғолия, Түркменстан, Латвия, Чехия және т.б. Әлем чемпионаты рапид және блиц бойынша өтеді. Жүлденің жалпы қоры – 8 млн теңге.

Чемпионаттың ресми ашылуы 21 қыркүйек күні Астана уақытымен сағат 14:30-да өтеді.

Тоғызқұмалақ – бұл қазақтың ұлттық ойыны, логикалық ойлау қабілетін дамыту өнері, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оның ақыл-ойын нығайтуда аса маңызды. 2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұра тізіміне енгізілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив