Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасымен өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын

21-09-2023, 17:05 Жұлдызай Кәкімова

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Каспий теңізінің ортасын қорғау жөніндегі Негіздемелік конвенция отырысының аясында БҰҰ-ның Еуропаға арналған қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының (ЮНЕП) өңірлік директоры және өңірлік бөлімшесінің өкілі Арнольд Крайлхубер мырзамен кездесу өткізді.

Ол Астана қаласында өткен орнықты даму жөніндегі Мемлекетаралық комиссияның отырысын өткізудегі ынтымақтастығы мен көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді, сондай-ақ одан әрі өзара іс-қимылды кеңейтуді ұсынды.

Кездесу барысында ұлттық заңнама шеңберінде Қазақстан климаттың өзгеруіне бейімделу процесін ең осал төрт секторға – су, ауыл, орман шаруашылықтарына енгізуді және апаттар қаупін азайтуды бастағаны атап өтілді.

Министр сондай-ақ ЮНЕП-пен ынтымақтастық Қазақстанның әлеуетін пайдалануға мүмкіндік беретінін және төмен көміртекті экономикаға көшуді қамтамасыз ете отырып, тұрақты энергетиканың дамуына серпін беретінін, бұл дәстүрлі отын түрлеріне тәуелділікті азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сонымен қатар, біздің республикамызда Ұлттық экологиялық стандарттарды әлемдік стандарттармен кезең-кезеңімен үйлестіру, оның ішінде экономиканың индустриялық ерекшелігін және елдің энергетикалық қажеттілігін ескере отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нормативтеріне сәйкес келтіру жағына кәсіпорындар үшін шекті жол берілетін шығарындылар деңгейін қайта қарау бойынша жұмыс жалғасуда.

Сондай-ақ, ұлттық стратегия шеңберінде Қазақстан басқа елдермен қатар 2030 жылға қарай ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумағын ұлғайту бойынша міндеттемелер алды.

Сонымен қатар, осы жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы қорғалатын табиғи аумақтарын ұлғайту бастамасына өзінің қолдауын көрсете отырып, жоғары амбициялар коалициясына қосылды.

Сондай-ақ, ведомство басшысы биоалуантүрлілік саласындағы ұлттық стратегиялық құжат 2030 жылға дейін ҚР-да биоәртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану жөніндегі тұжырымдама болып табылатынын хабарлады.

Кездесу соңында Е. Нысанбаев экологиялық мәселелерді шешуде ЮНЕП халықаралық сарапшыларының тәжірибесін қолдау мен тартудың маңыздылығын атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив