Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

QazTrade қазақстандық кәсіпкерлерді Дубайға шақырады

22-09-2023, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

2023 жылғы 15-17 қазан аралығында экспортты мемлекеттік қолдау шараларының операторы «QazTrade» АҚ-ы Қазақстандық бизнес өкілдері үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне, Дубай қаласына сауда-экономикалық миссиясын ұйымдастырады.

Үш күн ішінде тауарлар мен қызметтерді өндірушілер мен жеткізушілер әлеуетті серіктестермен тікелей байланыс орнатады, Араб импорттаушыларымен, трейдерлерімен және дистрибьюторларымен іскерлік келіссөздерге қатысады.

БАӘ нарығы Қазақстан үшін тартымды. 2023 жылы ол біздің елімізде шығарылған тауарлар үшін басым экспорттық нарықтар тізіміне енгізілді.

Біріккен Араб Әмірліктері азық-түлік, ауыл шаруашылығы, металлургия, мұнай-газ саласының қазақстандық компанияларымен, сондай-ақ IT-сектормен және жаңа технологиялармен ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық танытуда.

Соңғы үш жылда отандық тауар өндірушілер БАӘ нарығына күнбағыс майын жеткізу көлемін ұлғайтты, қазақстандық ет өнімдерінің, атап айтқанда, қой етінің экспорты он есе өсті.

Дубай Сауда-Өнеркәсіп палатасының мәліметі бойынша, соңғы 6 жылда осы Әмірлікте тіркелген қазақстандық компаниялардың саны 81%-ға, 351-ден 637-ге дейін өсті.

Сауда миссиясы шеңберінде «QazTrade» АҚ-ы іскерлік кездесулер мен В2В келіссөздер жүргізу үшін қатысушылардың тұруына, болатын еліндегі трансферге және аудармашыларға арналған шығыстарды жабады.

Қатысу мәселелері бойынша +7 775 782 50 64 (Whatsapp), + 7 775 230 09 82 (Whatsapp) телефондарына хабарласыңыздар.

Тауар өндірушілерден өтінімдер 29 қыркүйекке дейін қабылданады, тіркеу сағат 10:00-де жабылады.

Тіркелу сілтемесі: https: https://forms.gle/XQAB8rVgLLvpaTRE7 

Анықтама:

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ шағын және орта бизнес кәсіпорындарына өңделген тауарларды экспорттауға, қазақстандық шикізаттық емес өнімді өткізуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді, Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді. «QazTrade-нің» жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі болып табылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив