Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан мен БАӘ кәсіпкерлері тауарлар мен қызметтердің өзара жеткізілімін арттыруға дайын

19-03-2023, 15:38 Думан Кенжеғазыұлы

Дубайдың сауда-өнеркәсіп палатасы Орталық Азия бойынша роуд-шоу аясында «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-гың қолдауымен Қазақстан-Әмірлік бизнес-форумын өткізді. Астанаға Біріккен Араб Әмірліктерінен қазақстандық бизнеспен ынтымақтасуға дайын 26 компанияның өкілдері келді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен БАӘ арасындағы тауар айналымы 632,6 млн долларды құрады. Өткен жылы Қазақстаннан БАӘ-ге Экспорт 560,3 млн долларға жетті және оның ұлғаю әлеуеті зор.

«QazTrade» АҚ-ның Бас директоры Нұралы Бөкейханов атап өткендей, соңғы үш жылда қазақстандық ет өнімдерінің БАӘ-ге, атап айтқанда, қой еті экспортының он есе өсуі байқалады. Қазақстандық күнбағыс майын жеткізу айтарлықтай өсті.

«Біздің сауда қатынастарымыздың әлеуеті зор. Таяу жылдары Қазақстан тауар айналымын БАӘ-ден 1 млрд долларға дейін жеткізуге ниетті. Жыл соңына дейін Қазақстанның БАӘ-дегі іскерлік миссиясын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Дубай бізге сауданы дамыту орталығы ретінде қызықты. Көптеген Таяу Шығыс елдері мен Африка елдері тауарларды сатып алып, БАӘ арқылы сауда жасайды. Мұнда қазақстандық өнімнің болуы біздің бизнестің өңірдің басқа елдеріне сатуына мүмкіндік береді», - деді Нұралы Бөкейханов.

Біріккен Араб Әмірліктері Орталық Азия елдерімен екіжақты сауданы нығайту және инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейту туралы айта отырып, Қазақстанды ерекше атап өтеді.

«Қазақстан Дубай мен БАӘ-нің негізгі стратегиялық сауда серіктесі болып табылады. 2022 жылы біздің мүшелеріміздің өнімінің Қазақстанға экспорты мен кері экспорты БАӘ-нің 192 миллион дирхамына жетті, бұл екіжақты сауданы кеңейту үшін үлкен әлеуетті ескере отырып, салыстырмалы түрде төмен көрсеткіш болып табылады. Сонымен қатар, 2016 жылдан 2022 жылға дейін Дубай сауда палатасына қосылған қазақстандық компаниялардың саны 351-ден 637-ге дейін өсті. Қазақстанға Дубай экспорттаушыларының саны осы кезеңде 119-ға жетті. Біз бұл көрсеткіштің өскенін қалаймыз», - деді Дубай Сауда-Өнеркәсіп палатасының Президенті және бас атқарушы директоры Мұхаммед Әли Рашед Лута.

БАӘ іскер топтары азық-түлік, ауыл шаруашылығы, металлургия, химия саласының қазақстандық компанияларымен, сондай-ақ IT-секторымен және жаңа технологиялармен ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық танытуда.

Мұхаммед Әли Рашед Лута атап өткендей, Дубайдың сауда-өнеркәсіп палатасы кәсіпорындарға әлемдік нарықтарды игеруге жәрдемдеседі және әмірліктің бүкіл әлем бойынша Дубай халықаралық сауда палатасының кеңселерінің қуатты желісі қолдайтын тікелей шетелдік инвестициялар үшін магнит болуын қамтамасыз етеді. Дубай сыртқы сауда көлемін 2026 жылға қарай 1,4 трлн дирхамнан (1 дирхам = 0,27 АҚШ доллары) 2 трлн дирхамға дейін ұлғайтуға және 2024 жылға қарай 100 Дубай компаниясын басым сыртқы нарықтарға шығаруға бағытталған.

Астанада бизнес-форум аясында экономиканың түрлі салаларында: құрылыс, энергетика, тау-кен өндіру өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, машина жасау, туризм, инвестициялар және т.б. салаларда қазақстандық және әмірлік кәсіпкерлері арасында B2B форматында екіжақты келіссөздер өтті. Іс-шараға 100 отандық компания қатысты.

БАӘ делегациясының сапары аясында «QazTrade» АҚ «Қазақ Инвест» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, Әмірлік кәсіпкерлер үшін көшпелі/жүргінші кездесулер ұйымдастырды. Құрылыс материалдарын өндірушілер 12 айлық тұрмыстық қажеттіліктерге арналған гипермаркетте боллы, медициналық жабдықтар мен қызметтерді өндірушілері UMC Медициналық орталығына, сондай – ақ БАӘ компанияларына «Астана-жаңа қала» арнайы экономикалық аймағына барды.

Анықтама:

Қазақстан БАӘ-ге негізінен шикі мұнай, мыс, қой эксп, легирленбеген болаттан жасалған жалпақ прокат, құбырларға арналған арматура, темекі және оның алмастырғыштары, темекі сығындылары мен эссенциялары, жеңіл автомобильдер экспорттайды.

БАӘ-ден импортталатын негізгі тауарлар - қалқымалы құрылымдар, ұшқын арқылы тұтанатын іштен жану қозғалтқыштары, дәрі-дәрмектер, инсектицидтер, гербицидтер, мұнай өнімдері, центрифугалар, сұйықтықтарды немесе газдарды сүзуге арналған жабдықтар мен құрылғылар. 2022 жылдың қорытындысы бойынша БАӘ-ден импорттық жеткізілім көлемі 72,3 млн долларды құрады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив