Cемей4°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.76 495.37 5.37

Берік Уәли Семейдегі стадионның құрылыс барысымен танысты

Бүгін, 15:23

Семей қаласындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында «Абайға құрмет» акциясы аясында «Kaz Minerals» компаниясының тартуы стадионның құрылысы жалғасуда.

Жаңа стадионның құрылысын жүргізуге 20 гектар жер бөлінген. Жалпы ауданы 50 мыңнан астам шаршы метр болатын үш қабатты ғимаратта спортшыларға, көрермендерге, журналистерге және жарыстарды ұйымдастырушыларға қажетті жағдай жасалады. Негізгі алаңнан бөлек волейбол, күрес залдары болады. 

Бірінші қабатта көрермендерге арналған тамақтану орындары, клубтық дүкендер, демалыс аймақтары, стадион мұражайы, ана мен бала бөлмесі және медициналық пункт болады. Екінші қабатта келіссөз бөлмелері орналасса, үшінші қабат телестудиялармен, журналистер мен фотографтардың жұмыс орындарымен, комментаторлық бөлмелермен және қауіпсіздікті басқару орталығымен жабдықталады.

Стадионның жертөле қабатында автотұрақ, командалардың киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелері, жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған орындар, медициналық пункт пен баспасөз орталығы орналасады. Сондай-ақ, спорттық іс-шараларды өткізуге қажетті техникалық және қосалқы бөлмелер қарастырылған.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңында жер жұмыстары жүргізіліп, стадион іргетасының негізін нығайту шаралары қолға алынған. Құрылыс басқармасының мәліметінше, инженерлік-геологиялық жағдайға және мемлекеттік сараптаманың талаптарына сәйкес құрылыс алаңында динамикалық зондтау зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеулер Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты жобалаушыларына тапсырылды.

Стадион құрылысы жобасын іске асыру шеңберінде іргетастардың астындағы негізді Deep Soil Mixing технологиясын қолдану арқылы нығайту жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша аталған институт мамандарының ұсынымдары негізге алынды. DSM-қадалардың жалпы саны – 4461 дана, бүгінгі күнге дейін 185 дана қада орнатылды. Іргетасқа берілетін жүктеменің жоғары болуына байланысты бұл әдіс Семей қаласында алғаш рет қолданылады.

Аймақ басшысы жаңа стадионның Семей қаласының спорттық инфрақұрылымын дамытудағы маңызына тоқталып, нысан құрылысының сапасын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

«Бұл – «Абайға құрмет» акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен «Kaz Minerals» компаниясының бірлесіп жүзеге асырып жатқан жобасы. Стадион УЕФА-ның төртінші санатының талаптарына сай салынады. Оның төрт жағынан да жолдар мен автотұрақтар салынып, жақын маңда жерасты автотұрағы да қарастырылады. 18 мың көрерменге есептелген стадион жаңа әкімшілік іскерлік орталығындағы негізгі ғимараттардың бірі ғана емес, Абай облысындағы, осы төңіректегі ірі спорт нысандарының бірі болады», – деді  Берік Уәли.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив