Семейде ұландықтар ломбард тонады деген күдіктілерді ұстады
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 5511 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Семейде үш азаматты ұстауға көмектесті. Олардың бірі ломбардтан ұялы телефон ұрлады деп күдіктелуде.
Қала көшелеріе патрульдеу кезінде әскери жасақ бастығы қатардағы Әлішер Хамитов пен қарамағындағы сарбаз Асыл Қуғанов медициналық бетперде киген жас жігітті байқайды. Оның мінез-құлқы әскери қызметшілерге күдікті болып көрінді: өйткені ол үнемі жан-жағына қарай берді және әскери киімдегілерден тайсақтауға тырысқан.
Ұландықтар жағдайды анықтау үшін жас жігітті тоқтатады. Тексеру барысында ғимараттардың бірінің жертөлесінде оның тағы екі серігі бар екендігі анықталды. Әскери қызметшілер көрсетілген мекен-жайға барып, екі сыбайласын да қолға түсірді.
Ұландық жасақ анықталған жағдайлар туралы полицияға "102" нөмірі арқылы хабарлайды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері келгенге дейін әскери қызметшілер оқиға орнын күзетуді қамтамасыз етті. Полиция оқиғаны одан әрі нақтылау үшін үш күдіктіні бөлімшеге жеткізген.
Тексеру барысында ұсталғандардың бірі ломбардан iPhone 17 Pro ұялы телефонын ұрлады деп күдіктелгені анықталды.
Ұландық сарбаздардың қырағылығы мен жедел әрекеттерінің арқасында күдіктілер анықталып, полиция қызметкерлеріне берілді.