Cемей-1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
447.52 502.21 5.41

Облыс әкімі Аягөз теміржол вокзалындағы құрылысты жеделдетуді тапсырды

Бүгін, 17:04

Аймақ басшысы Берік Уәли Аягөз қаласындағы теміржол вокзалына барып, реконструкциялау жұмысының барысын қадағалады.

Қазіргі уақытта 1931 жылы салынған Аягөз вокзалы ғимараты толық сүріліп, құрылыс монтаж жұмыстары үш бөлікте жалғасуда. Бір бөлігінде құрылыс аяқталып, ішкі әрлеу жұмысы басталған. Қалған бөліктерінде қабырғалары мен бағаналарын тұрғызу, шатырын монтаждау жұмысы жүргізілуде. 

Мердігерлердің айтуынша, жаңғырту жұмыстары желтоқсан айында аяқталады.

Облыс әкімі мердігерлерге теміржол вокзалындағы  құрылыс қарқынын күшейтіп, жұмысшылар санын арттыруды тапсырды.

«Қазіргі таңда Аягөз теміржол вокзалындағы құрылыс қарқыны өте төмен. Жұмыс белгіленген кестеден кешігіп жатыр. Бұл мәселе Үкімет басшысының тікелей бақылауында тұр. Жағдайды өз көзіммен көру үшін арнайы келдім. Берілген уәделердің орындалмай жатқанын көріп отырмын. Сондықтан құрылыс қарқынын арттырып, жұмыс күшін көбейту қажет. Ең бастысы, сапасына мән беріңіздер. Бір айдан кейін қайта келіп, құрылыс барысын тағы да тексеремін», – деді Берік Уәли. 

Биыл облыста бірқатар теміржол вокзалдары жаңартылып, пайдалануға берілді. Маусым айында Бородулиха ауданындағы Белағаш және Ауыл станцияларының, тамыз айында Жарма ауданындағы Шар, Үшбиік және Жарма станцияларының, Курчатов қаласындағы Дегелең станциясының, сондай-ақ, Мақаншы ауданындағы Жалаңашкөл станциясының вокзалдары іске қосылды.

Қазіргі уақытта Семей қаласындағы және Ақтоғай кентіндегі теміржол вокзалдарында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив