Әділетті болашақ үшін: өңір өндірісін дамыту және кәсіпкерлікті қолдау
Өңір экономикасының дамуы жаңа өндіріс орындарын ашумен ғана шектелмейді. Шикізатты терең өңдеу, отандық өнім көлемін арттыру, шағын және орта бизнесті қолдау – тұрақты экономикалық өсімнің өзара байланысты бағыттары. Бұл міндеттер «Әділет» партиясының Абай облысы бойынша сайлауалды бағдарламасында қамтылған. Осы мәселелер «СемАз» ЖШС ұжымымен өткен кездесуде талқыланды.
Кездесуге кандидаттар Марат Макишев, Алмас Әділбеков, Әйгерім Жұмақанова, Анжела Маслова, Лилия Муслимқызы және Темірлан Бақтияров қатысты.
Марат Макишев өндірістік әлеуетті арттырудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, өңір экономикасының тұрақты дамуы үшін шикізатты сол жерде өңдеп, қосылған құны жоғары өнім шығаратын кәсіпорындарды көбейту қажет. Бұл бағытта сайлауалды бағдарламада Жаңасемей ауданының Шақаман ауылында 7,7 млрд теңгеге ет өңдеу зауытын салу және 230 жұмыс орнын ашу, Курчатов қаласында 162 млрд теңгелік көмірді терең өңдеу кәсіпорнын іске қосып, 500 адамды жұмыспен қамту көзделген.
Алмас Әділбеков шағын және орта бизнесті қолдау мен кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға тоқталды. Оның пікірінше, ірі өндіріс орындарымен қатар шағын кәсіпорындардың дамуына да жағдай жасалуы тиіс. Себебі кәсіпкерлік жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, жергілікті экономиканың әртараптануына ықпал етеді.
Сайлауалды бағдарламада «Ауыл аманаты» жобасы аясында 626 жеңілдетілген несие беруге жәрдемдесу, 164-тен астам кәсіпкерді жеңілдетілген кредитпен қолдау, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінде жалпы инвестиция көлемі 19 млрд теңгені құрайтын төрт жобаны іске асыру қарастырылған.
Кездесу барысында кәсіпорын ұжымы өндіріс саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.




