Семейде кезекші халыққа қызмет көрсету орталығының мекенжайы өзгереді
2026 жылғы 16 қарашадан бастап Семей қаласындағы №1 халыққа қызмет көрсету бөлімі кезекші ХҚКО ретінде 408-орам, 21 мекенжайы бойынша жұмыс істейді.
Бауыржан Момышұлы көшесі, 22 мекенжайында орналасқан №2 бөлімде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты азаматтарға кезекші кесте бойынша қызмет көрсету уақытша №1 бөлімде жүзеге асырылады. Осылайша, жөндеу жұмыстары жүргізілетін кезеңде №2 бөлім әдеттегі жұмыс режимінде қызмет көрсетеді.
Еске салайық, халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Кезекші ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Семей қаласының тұрғындары ХҚКО-ға бару уақытын «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы алдын ала брондай алады.