Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
447.52 502.21 5.41

Президент: Қуатты қалалар – қуатты аймақтардың негізі

Бүгін, 10:54

Қазақстанда қалалық инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру және өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыру мәселелеріне ерекше басымдық берілуде. Бұл бағыт Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында да кеңінен қозғалды.

Президент Үкімет пен әкімдіктерге қалаларды тиімді басқару, инфрақұрылымды дамыту және ірі шаһарлардың орта және ұзақ мерзімді даму жоспарларын әзірлеу жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, ауыл-аймақтарды дамыту мәселесі әрдайым назарда болуы керек. Дегенмен қазіргі таңда экономика, білім мен технологияның негізгі қозғаушы күші, сондай-ақ таланттарды қалыптастыратын орталық – қалалар.

«Сайып келгенде, қуатты қалалар қуатты аймақтардың, ал қуатты аймақтар күшті мемлекеттің негізін қалайды», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент қала ресурстарын тиімді пайдалану мен инфрақұрылымды басқару ісінде цифрлық технологиялардың маңыздылығына тоқталды. Осыған байланысты Үкімет пен әкімдіктерге қала инфрақұрылымының цифрлық сыңарын әзірлеу міндеті қойылды. Бұл қалалық ресурстарды тиімді жоспарлауға, инфрақұрылымның жағдайын бақылауға және басқару сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы қалалардың қауіпсіздігіне, тазалығына, жайлылығы мен көріктілігіне басымдық беруді аса маңызды мемлекеттік міндет ретінде қарастыру қажеттігін де атап өтті. Бұл талап «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасының мақсаттарымен де үндеседі.

Президенттің пікірінше, қалалардың қарқынды дамуы тұтас өңірдің экономикасына оң серпін беріп, адами әлеуеттің артуына жол ашады. Сондықтан заманауи инфрақұрылым қалыптастыру, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және қалалық ортаны дамыту – елдің тұрақты дамуының маңызды алғышарттарының бірі.


 


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив