Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
508.5 580.66 6.44

Семейде кезекші ХҚКО мекенжайы өзгереді

23-08-2024, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

2024 жылғы 2 қыркүйектен бастап кезекші кесте бойынша Семей қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету бөлімі жұмыс істейтін болады. Мекен-жайы: 408 квартал, 21.

Айта кетейік, бұрын кезекші кесте бойынша Бауыржан Момышұлы көшесі, 22 мекенжайындағы №2 ХҚКО жұмыс істеген. 2 қыркүйектен бастап ол әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді.

Әдеттегі кесте бойынша ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Семей қаласының тұрғындары Халыққа қызмет көрсету орталығына «ХҚКО» мобильдік қосымшасы арқылы, сондай-ақ 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы алдын ала тапсырыс бере алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив