Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
508.5 580.66 6.44

Семей қаласының №3 ХҚКО жабылады

22-07-2024, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Семейде 2024 жылғы 29 шілдеден бастап Папанина, 34а мекенжайында орналасқан №3 қызмет көрсету орталығы жабылады.

Барлық қажетті мемлекеттік қызметтерді бұрынғыдай 408 квартал, 21 мекенжайындағы №1 ХҚКО-дан, сондай-ақ Б. Момышұлы көшесі, 22 мекенжайындағы №2 ХҚКО-дан алуға болады.

Айта кетейік, кезекші кесте бойынша Семей қаласының №2 Халыққа қызмет көрсету бөлімі жұмыс істейді.

Айтпақшы, әдеттегі ХҚКО-лар дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Семей тұрғындары Халыққа қызмет көрсету орталығына «ХҚКО» мобильдік қосымшасы арқылы, сондай-ақ 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы алдын ала тапсырыс бере алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив