Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха3°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
444.76 495.37 5.37

Семейде Жекпе-жек сарайы салынып жатыр

Бүгін, 14:37

Семей қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен басталған «Абайға құрмет» акциясы аясында бірқатар маңызды нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Жекпе-жек сарайы мен стадионның құрылыс алаңдарында болды.

Сол жағалауда орын тепкен Жекпе-жек сарайының құрылысы Ақтөбе облысының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы – 6683 шаршы метр. Спорт кешені бір мезгілде 1000 адамды қабылдауға есептелген.

Жоба бойынша сарайда күрес пен бокстан жарыстар өткізуге арналған жалпы ауданы 1860,28 шаршы метр зал қарастырылған. Сонымен қатар ауданы 795,54 шаршы метр үлкен жаттығу залы, балаларға арналған 293,17 шаршы метр кіші жаттығу залы және осындай көлемдегі тағы бір жаттығу залы болады.

Жаңа спорт кешені бокс пен күрес түрлерінен жарыстар өткізуге, спортшылардың жаттығуына және балаларды спортқа баулуға арналған. Қазіргі уақытта нысанның іргетасының темір арматураларын байланыстыру және бетон құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ғимараттың құрылыс барысымен танысқан аймақ басшысы спорт нысанының уақтылы әрі сапалы салынуы маңызды екенін атап өтті.

«Бұл – «Абайға құрмет» акциясы аясында Ақтөбе облысының өңірімізге жасап отырған тартуы. Өте әдемі ғимарат. Биыл көктемде Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровпен бірге іргетасын қалап, құрылыс жұмыстарын бастадық. Құрылыс қарқыны жақсы. Бұл – осы ауданға, төңіректегі тұрғындарға қажетті нысан. Жоба Ақтөбеде салынған ғимаратқа ұқсас, тек аздаған өзгешеліктері бар. Мәселен, бізде үш күрес залы болады. Бұл халықаралық жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. Мердігер нысанды келесі жылдың соңында пайдалануға беруге уәде етіп отыр. Қазір барлық жұмыс кестеге сай жүріп жатыр», – деді Берік Уәли.


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив