Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Қазақстан мен БАӘ ынтымақтастықты одан әрі нығайту ниетін растады

22-09-2023, 18:19 Жұлдызай Кәкімова

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі шейх Абдалла бен Заид Аль Нахаянмен келіссөздер жүргізді

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Әмірліктер қатынастарының қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын талқылап, өзекті халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары халықаралық аренада екі мемлекеттің саяси диалогы мен өзара қолдауының жоғары деңгейін атап өтті.

М.Нұртілеу осы жылдың қаңтар айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған ресми сапары екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін бергенін, оның шеңберінде Қазақстан мен БАӘ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған жаңа уағдаластықтарға қол жеткізілгенін айтты.

ҚР СІМ басшысы БАӘ Қазақстанның Таяу Шығыстағы негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі екенін және орта мерзімді перспективада өзара сауда көлемін 1 млрд АҚШ долларына жеткізу мақсаты бар екендінін атап өтті.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары алдағы жоғары және аса жоғары деңгейдегі кездесулер мен сапарлардың кестесін талқылап, жоғары деңгейдегі саяси диалог пен тығыз байланыстарды қолдауға келісті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив