Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
487.73 558.99 6.63

Қазақстанда ерлі-зайыптылардың нотариаттық келісімін бейнеқоңырау арқылы алуға болады

25-09-2023, 12:46 Жұлдызай Кәкімова

ҚР Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палатасы және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп бейнеқоңырау арқылы "ерлі-зайыптылардың Нотариаттық келісімін Онлайн ресімдеу" қызметін енгізді. Осы жылдың 25 қыркүйегінен бастап көрсетілетін қызмет «eGov Mobile» платформасында қолжетімді болады, - деп хабарлады Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтің айтуынша, бұл жаңашылдық ерлі-зайыптылардың нотариаттық келісімін ресімдеу процесін анағұрлым жеңілдетеді. Азаматтар нотариусқа жүгінбей-ақ қажетті келісімді жылдам әрі ыңғайлы түрде ала алады. Процесс биометриялық сәйкестендірудің заманауи технологияларын қолдана отырып, деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз етеді.

«Онлайн форматтың артықшылығы – нотариусқа жүгінуге кететін уақыт пен шығындарды үнемдеу, сондай-ақ өзіне ыңғайлы мерзімде алу мүмкіншілігі» - деп атап өтті Бекболат Молдабеков.

Қызметті алу үшін: 1) «eGovMobile» платформасында тіркелу; 2) өтініш нысанын толтыру және биометриялық тексеруден өту; 3) бейнеқоңырау бойынша келісімді ресімдеу; 4) нотариустың қызмет ақысын төлеу; 5) нәтижесінде, құжат «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив