Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы бөлімшесі туралы «Бүркіт» көркем фильмі ел кинотеатрларының үлкен экрандарына шығады

25-09-2023, 15:50 Жұлдызай Кәкімова

Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы бөлімшелері туралы «Бүркіт» көркем фильмі ел кинотеатрларының үлкен экрандарына шығады.

Туынды авторларының басты мақсаты – кинокартинаның кейіпкерлері арқылы  Отанға деген сүйіспеншілікті, достық пен патриотизмді, намыс пен абыройды, антқа және қызметтік міндетке деген адалдықты жеткізу.

Бұл күнделікті міндеттері қауіпті қылмыстық топтарға қарсы тұру болып табылатын арнайы жасақта қызмет ететін үш жауынгердің достығы  туралы әңгіме. Сондай бір қылмысқа қарсы текетіресте оларға өз достығын сынауға тура келеді.

Фильмнің премьерасы 2023 жылдың 2 қарашасында өтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив