Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.18 636.05 6.52

Қазақстандық мамандар шетелдік калибрлеу зертханасын қайта аккредиттеуден өткізді

10-02-2023, 13:41 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығына Баку қаласының (Әзірбайжан Республикасы) "Optimum Metrology Services" ЖШҚ өзінің калибрлеу зертханасын бағалауды сеніп тапсырды.

Бағалау 2023 жылдың 16-19 қаңтары аралығында өтті. Оның барысында "Optimum Metrology Services" ЖШҚ зертханасы "сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын "ISO/IEC 17025 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін растады.

ҰАО 2010 жылдан бастап ILAC – зертханаларды аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымның мүшесі ретінде шетелдік зертханаларды аккредиттеу құқығына ие. ILAC MRA белгісі бар зертханалар берген калибрлеу сертификаттары бүкіл әлемде тануды қамтамасыз етеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив