Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
517.16 588.48 6.23

Білім беру ұйымдарының назарына!

26-09-2023, 10:27 Жұлдызай Кәкімова

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» атты байқауға қатысуға шақырамыз!

Байқауға мектептке дейінгі, мектеп, колледж, университеттер мен басқа да білім беру органдары қатыса алады.

Байқау екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – өңірлік кезең. Бұл кезеңде байқау қатысушылары ережде көрсетілген талаптарға сәйкес жұмыстарын рәсімдеп, сол өңір бойынша жауапты маманға жібереді (жауапты маманның телефон нөмірі мен электронды поштасы конкурс ережесіндегі кестеде көрсетілген). Өңірлік кезеңде жұмыстарды қабылдау 14 қыркүйек пен 13 қазан аралығында жүреді.

Өңірлік кезеңге жұмыстарды қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін, өңірлік комиссия әр номинация бойынша ең үздік бір жұмыстан таңдап алып, екінші кезең - Ұлттық кезеңге жолдайды. Ұлттық кезеңде әр өңірдің үздіктері республика бойынша жүлделі орындарға таласады.

Байқауға 3 номинацияның бірін таңдап қатыса аласыз.  Номинациялар төмендегідей:

  • Табиғатқа жанашыр ұйым
  • Үздік экологиялық жоба
  • Экологиялық сауат және ақпараттандыру

Байқау туралы толық ақпаратты 8 747 474 12 87; 8 747 353 32 10 нөмірлеріне хабарласып ала аласыздар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив