Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен жобаларды одан әрі дамытуға мүдделі

26-09-2023, 12:46 Жұлдызай Кәкімова

Ұлттық экономика министрі - Қазақстаннан АИИБ басқарушысы Әлібек Қуантыров Шарм-эль-Шейх қаласында (Египет) өткен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Басқарушылар кеңесінің 8-жылсайынғы отырысына қатысты.

ҰЭМ басшысының сөзінше, ынтымақтастық жылдарында жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) жобалары іске асырылды. Атап айтқанда, Банк Жамбыл облысындағы қуаты 100 МВт жел электр станциясының құрылысын қаржыландырды. Сондай-ақ, АИИБ пандемиямен күресуге көмектесті.

Сонымен қатар, министр көміртегі бейтараптығына қол жеткізу және инфрақұрылымды дамыту саласындағы перспективалық ынтымақтастық мүмкіндігін атап өтті.

«ҚР экономиканың түрлі салаларындағы жобаларды іске асыруға мүдделі. Энергетика, "жасыл" экономика, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті зор», - деді ол.

Ынтымақтастықтың тағы бір перспективалы бағыты - Орта дәліздің өткізу қабілетін пайдалану (Транскаспий халықаралық көлік бағыты).

«Қазақстанның теңізге шыға алмайтынын және осы бағытқа деген қызығушылықтың артып келе жатқанын ескерсек, АИИБ-тің бұл жобаға қатысуы жүк тасымалын ұлғайту және Шығыс-Батыс бағыты бойынша логистикалық инфрақұрылымды нығайту үшін пайдалы болар еді», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы жиналысы аясында Әлібек Қуантыров АИИБ президенті Цзинь Лицюньмен кездесу өткізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

АИИБ 2016 жылы құрылған. Оның негізгі мақсаты - Азиядағы экономикалық дамуға, инфрақұрылымды жақсартуға жәрдемдесу болып табылады. Қаржыландырудың басым бағыты энергетика, көлік, логистика, қалалық және ауылдық инфрақұрылым және т. б.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив