Cемей15°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Абай облысының оқушысы 3d туры бар мекеме сайтын құрды

26-09-2023, 16:41 Жұлдызай Кәкімова

Абай облысы Семей қаласындағы №7 орта мектеп лицейінің 10-сынып оқушысы Маратов Нурлыхан мейрамханаға виртуалды 3D туры бар арнайы сайт жасап берді. Сайтта тұтынушылар үшін ыңғайлы және қызмет көрсетуді оңтайландыратын инновациялық онлайн мәзір ұсынылған. 

Бұдан басқа жобада бизнесті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін тетіктер бар. NFC-технологиясы құрылған, яғни NFС картасымен мәзір әрқашан қол жетімді және тұтынушылардың уақытын үнемдейді.

Мейрамханаларға келушілердің қалауы ескеріліп, жоғары сапалы қызмет көрсететін жекелендірілген қызмет те бар.

Сондай-ақ оқушы сайтқа мекеменің ішін онлайн көре алатындай арнайы виртуалды тур жасаған. Болашақ клиенттер виртуалды 3D тур арқылы алдын ала ғимаратты көре алады, бұл жаңа келушілерді тартуға да септігін тигізеді.

“Бұл сайтты мен мамыр айынан бастап қолға алдым. Идея бірден ойыма келген соң, жүзеге асырғым келді. Қазір кәсіпкерлік сала дамып жатыр. Өз білімімді сол бағытта сынап көргім келді. Бұған дейін медицина саласына және туристерге арналған қосымша жасадым. Өзіме жаңа бағытта жұмыс істеген ұнады. Бұл сайттың мүмкіндігі көп. Бизнесті тиімді жүргізуді, әрі жұмыстың табыстылығын арттырады. Өз қызметімді қаламыздағы мекемелерге ұсына бастадым және мейрамханалардың бірімен жұмыс істеп жатырмын. Алдағы уақытта басқа да мекемелерден ұсыныс түссе, жұмыс жасауға дайынмын”, - дейді Нурлыхан.

Айта кетейік, Нурлыхан бұған дейін медициналық карта QEFO.KZ қосымшасын, туристерге арналған мобильді қосымшасын ойлап тапқан.

Жас өнертапқышқа сәттілік тілейміз!

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив