Мемлекеттік қызметтегі этикалық көшбасшылық
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде а.ж. 22 қыркүйегінде Министрліктің мемлекеттік қызметшілерімен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп саласындағы талаптарын сақталуы мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізу туралы 2023 жылға арналған жұмыс жоспары аясында «Мемлекеттік қызметтегі этикалық көшбасшылық» тақырыбында семинар өткізілді.
Аталған іс-шараға Министрлікке қарасты комитеттер мен департарменттердің қызметкерлері қатысып, семинарды М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің стратегия және HR бойынша Басқарма төрағасының орынбасары Айнұр Бағдатқызы Кәрібозова жүргізді.
Семинарда жай басшылықтан көшбасшылықтың, жай көшбасшылықтан этикалық көшбасшылықтың айырмашылығы, мемлекеттік қызметтегі этикалық көшбасшылықтың маңыздылығы талқыға салынды.
Айнұр Бағдатқызының айтуынша, мемлекеттік аппараттың сапалы әрі тиімді жұмысы ең әуелі басқару жүйесінде қызмет ететін мамандарға байланысты. Осы тұрғыдан алғанда олардың бойындағы көшбасшыға тән қасиеттерді дамыту маңызды саналады. Мемлекеттік қызметтегі азаматтар тікелей қызметтеріне байланысты алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруда күнделікті өмірде елене бермейтін адами және этикалық құндылықтарды ескере отырып, жай ғана көшбасшы болу емес, шешім қабылдауда үлкен жауапкершілікті сезіне отырып шешім қабылдауы керектігі айтылды.
Өйткені мемлекеттік қызметкердің шешімі халықтың келешегіне ықпал ету мүмкін.
Сондай-ақ, семинар спикері Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша CHI-2022 рейтингісіне және Қазақстанда 2022 жылы құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарда тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмысының түрлеріне тоқталды.
Семинараға қатысушылар пікір алмасып, мемлекеттік қызметке қатысты ойларын ортаға салды.
Айнұр Бағдатқызына бүгінгі таңдағы өзекті мәселе қоғамға үлгі болатын мемлекеттік қызметші – әділдік, ашықтық, адалдық, адамшылық, тәртіптілік, моральдық-адамгершілік тұрғыдан орнықтылық тәрізді қасиеттерге ие тұлға болуына ықпал тиетін тақырыппен бөліскені үшін үлкен алғыс айтамыз.