Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Жарма ауданында Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті

24-04-2023, 13:21 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Әділбек Қайырбекұлы Мұқашев және Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелерінің қатысуымен Жарма ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өткізілді.

Отырысқа Жарма ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров,  Қазынашылық департаментінің басшысы   Мұқтар Төлегенұлы,  «AMANAT» партиясының облыстық филиалдың атқарушы хатшысы Думанғазы Семейғазыұлы Арғынғазин,  «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының Абай облыстық филиалының шеф-редакторы Нұргул Құдайбергенқызы Садыкова, Семей қалалық мәслихатының депутаты Анатолий Дмитриевич Калинкин, «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Семей қаласындағы өкілі Ерболат Маутқанұлы Батыров, «Шәкәрім атындағы университет» КеАҚ деканы Мақсат Серікұлы Карибаев қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес, Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қабылданған шешімдердің орындалуы, Аягөз аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің, Жарма ауданының жер қатынастары бөлімі және аумақтық комиссия басшыларының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың бұзушылықтарына қатысты тәртіптік істері қарастырылды.

Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет саласындағы, мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз ету бөлігінде заңнаманы сақтау  бойынша талдау нәтижелерінің  қорытындысын, жергілікті атқарушы органдармен 2022 жылы қаралған жеке және заңды тұлғаларадың өтініштері бойынша талдау нәтижелерінің  қорытындысын, Абай облысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдердің атқарған жұмыстары бойынша талдау нәтижелерінің қорытындысын және тәртіптік практиканы талдау қорытындылары негізінде мемлекеттік органдардағы тәртіптік комиссияларының жұмыс нәтижелерін қарау жоспарлануда.

Осыған орай, сыбайлас жемқорлық және қызметтік әдеп талаптарын бұзушылықтарды ескертуге бағытталған іс-шараларды іске асыру туралы бірқатар ұсынымдар берілді.

Сондай-ақ, кеңес отырысы барысында кеңес төрағасы, департамент басшысы Әділбек Қайырбекұлы мемлекеттік қызметшілерге Мемлекеттік қызмет саласы бойынша заңнамадағы кейінгі өзгерістер туралы айтып, өз кезегінде елімізде мемлекеттік қызметтің мәртебесін көтерудің бірден-бір факторы– мемлекеттік қызметшілердің заңмен көзделген әлеуметтік көмектерін алуға жағдай жасалуы тиіс екендігін атап өтті. Әдеп кодексінде көзделген нормаларды бұзбауға және мемлекеттік қызметтің беделіне кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасамауға шақырды.

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә.Қ. Мұқашев​ және кеңес мүшелері Қалбатау ауылдық округі және Шар қаласы әкімі аппараты ұжымдарымен кездесіп, азаматтармен жеке​ қабылдау өткізіп, тұрғындардың сауалдарына заң аясында жауап берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив