Қазақстан Елшісі Вьетнамның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы Елшісі Қанат Тумыш Вьетнам Социалистік Республикасының (ВСР) Президенті Во Ван Тхыонгқа сенім грамоталарын табыс етті.
Әңгімелесу барысында Елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ү.ж. 20-22 тамызда Вьетнамға ресми сапарының жылы қонақжайлылығы мен тамаша ұйымдастырылуы үшін алғыс білдіріп, 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандық көшбасшы белгілеген негізгі міндеттер туралы ВСР басшысын хабардар етті. Мемлекет басшысының елімізді жан-жақты дамыту және жаңғыртуға бағытталған ауқымды реформалары Вьетнам жетекшісінің жоғары бағасына ие болды.
Сондай-ақ, қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасының Түркі мемлекеттері ұйымында алдағы төрағалығы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, осы бірлестік елдерінің Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығымен (АСЕАН) ынтымақтастығын жандандыру туралы ұсыныс енгізді. Тараптар, осы мақсат үшін «Орта дәліздің» транзиттік-көліктік және мультимодальды-логистикалық әлеуетін пайдалану және арттыру өте маңызды деп келісті.
Бұдан басқа, Елші Қ. Тумыш Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың 2024 жылғы маусымда Астана халықаралық форумына қатысумен біріктірілген Вьетнам Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапарына шақыруын ризашылықпен қабылдады.
Айталық, Президент Во Ван Тхыонг Қазақстан басшылығына шақырғаны үшін алғысын білдіріп, Президент Қ. Тоқаевтың Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі болып бұрын Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған тәжірибелі дипломатты тағайындау туралы шешімін маңызды белгі ретінде сипаттады. Қазақстан-Вьетнам Үкіметаралық комиссиясының жұмысын жеделдетудің маңыздылығын атап өтіп, ВСР басшысы Қазақстан Үкіметінің құрамында жуырдағы жасалған өзгерістерді ескере отырып, мүмкіндігінше қысқа мерзімде оның тең төрағаларының деңгейін сауданы қадағалайтын профильдік ведомстволардың министрлеріне дейін көтеруді ұсынды.
Кездесу алдағы жылдары екіжақты қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жылы, достық атмосферада өтті.