Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерімен өзара саудасы 2022 жылы шамамен $61 млрд. құрады
Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер министрлерінің кезекті Кеңесі өтті.
Іс-шараға ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов қатысты. Жиын барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, оның ішінде ШЫҰ шеңберінде электрондық сауданы дамыту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, Ұлттық экономика бірінші вице-министрі көпжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық Бағдарламасын іске асыру барысына назар аударды.
Қазақстанның ШЫҰ елдерімен өзара саудасы 2022 жылы $60,8 млрд құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 18,7%-ға жоғары
Экспорт - $29,5 млрд.
Импорт - $31,3 млрд.
Экономикалық ведомстволардың өкілдері сауда-экономикалық саладағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге және цифрлық экономика саласындағы мәселелерді ілгерілетуде бірлескен күш-жігерді арттыруға келісті.
Сонымен қатар, Кеңес барысында ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Т.Жақсылықов Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрі Данияр Амангелдиевпен кездесу өткізді. Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Іс-шара қорытындысы бойынша Кеңестің кезекті отырысының хаттамасына қол қойылды және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі перспективалар мен шаралар туралы бірлескен мәлімдемесі қабылданды.