Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Әлихан Смайылов «Бәйтерек» холдингі Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

29-09-2023, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

28 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті. 

Қатысушылар өңдеу өнеркәсібі, көлік және коммуналдық инфрақұрылым жобаларын қаржыландыру мәселелерін талқылап, холдингтің 2023 жылғы II тоқсандағы тәуекелдер жөніндегі есебін бекітті. Құжатта тәуекелдер картасы, тәуекелдерді басқару жоспары, негізгі көрсеткіштер мен іске асырылған тәуекелдер туралы ақпарат, сондай-ақ холдинг пен оған еншілес ұйымдардағы қаржылық тәуекелдер туралы ақпарат қамтылған.

Бұдан бөлек, ішкі аудит қызметінің ағымдағы жылдың II тоқсанындағы есебі және 2019-2023 жылдарға арналған түзетілген іс-шаралар жоспары бекітіліп, холдинг қызметінің бірқатар өзекті мәселелері қаралды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив