Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

21-05-2023, 12:48 Думан Кенжеғазыұлы

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Жалғыз акционерінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі шешімімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілді:

- «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Нұрлан Заманбекұлы Аханзариповтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды;

- «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор болып Александр Андреас Ширхубер сайланды.

Соңғы уақытқа дейін 35 жастағы австриялық ÖBB (Австрия темір жолдары) жүк компаниясы Rail Cargo Austria-да еуразиялық теміржол жүктерін тасымалдауға жауапты болды. Осы уақытта ол Австрияның TХКБ-ға қатысуын одан әрі дамытуға ат салысты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Еуропа мен Азия арасындағы маңызды байланыстардың бірі болып табылады. Сондықтан мен үшін қазақстандық темір жолдардың одан әрі табыстылығына өз үлесімді қосу үлкен мәртебе», — дейді Ширхубер және де атап өтеді: «Мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ командасының бір бөлігі болғанымды мақтан тұтамын».

Ширхубер теміржол саласындағы мансабын ÖBB Infrastruktur AG компаниясында бастап, онда Breitspur Planungsgesellschaft mbH (BPG) бірлескен кәсіпорнының басқарушы директоры қызметін атқарды. BPG Вена-Братислава учаскесі мен 1520 теміржол желілері арасындағы тікелей байланыс түрінде Қытай мен Еуропа арасында үздіксіз логистикалық дәліз құруды мақсат еткен Ресей, Украина, Словакия және Австрия теміржолдары арасындағы жоспарлы бірлескен кәсіпорын болды.

Ширхубер Венадағы Лаудер бизнес мектебінде, сондай-ақ Лондон экономика және саясаттану мектебінде (LSE) магистр дәрежесіне ие.

Енгізілген өзгерісті ескере отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі 9 адамнан тұрады:

1) Юрий Иванович Лавриненко – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы, тәуелсіз директор;

2) Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы.

3) Нұржан Тәліпұлы Байдәулетов – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;

4) Ернат Құдайбергенұлы Бердіғұлов – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;

5) Нәзира Нұртілеуқызы Нұрбаева – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;

6) Ғибрат Қайратұлы Ауғанов – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Жалғыз акционер мүдделерінің өкілі;

7) Вокурка Ульф – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

8) Александр Андреас Ширхубер – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

9) Джон (Йан) МакКей – «ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив