Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
489.39 567.5 6.69

Үкіметте бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске асыру барысы талқыланды

29-09-2023, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі шаралар қаралды.

Қатысушылар республиканың көлік-транзиттік әлеуетін едәуір арттыруға мүмкіндік беретін жалпы ұзындығы 270 км «Бақты-Аягөз» теміржолының құрылысын, сондай-ақ француз компаниясымен бірлесіп, Алматы облысында агро-процессинг логистикалық хабын салу мәселелерін талқылады. Жаңа піскен жемістер мен көкөністерді, ет, балық және сүт өнімдерін сату бойынша заманауи форматтағы әртараптандырылған орталықты «G4 City» жобасын іске асыру аясында ашу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар отырыста «Қашаған» кен орнында жылына кемінде 700 млн текше метр газ өндіре алатын газ өңдеу зауытын салудың өзекті мәселелері талқыланды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив