АЭС орналастыру ауданын зерттеу нәтижелерін бағалау бойынша АЭХА миссиясы басталды
2023 жылғы 2-6 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасы мен АЭХА арасындағы атом энергиясын дамыту саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жоспар шеңберінде АЭС орналастыру ауданын таңдау бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін бағалау «Site and External Events Design Review Service (SEED) mission» АЭХА миссиясы өтеді.
Миссия шеңберінде АЭХА сарапшылары әлеуетті ауданға (Үлкен ауылы, Алматы облысы) бара отырып, АЭС орналастыру ауданын таңдау жөніндегі құжаттаманы қарайтын болады.
Миссияға қатысу үшін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің, Алматы облысының әкімдігінің, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Ядролық физика институты» РМК, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС, «Сейсмология институты» ЖШС өкілдері шақырылды.
Миссия нәтижесінде АЭХА сарапшылары АЭС орналастырудың оңтайлы алаңын одан әрі айқындау үшін ұсыныстары мен ұсынымдары бар соңғы есепті ұсынады.