Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

«ТКШ ҚазОрталығы» мен Газпромбанк Меморандумға қол қойды

3-10-2023, 12:46 Думан Кенжеғазыұлы

"ТКШ ҚазОрталығы" мен Газпромбанк тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту саласындағы келісімшарттарды банктік сүйемелдеу саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ («ТКШ ҚазОрталығы») және Газпромбанк «Иннопром. Қазақстан» бірінші көрмесінің алаңында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділхан Өмірбаев пен Газпромбанктің вице-президенті – Синдикатталған және халықаралық қаржыландыру департаменті бастығының орынбасары Анастасия Шакина қол қойды.

Құжатқа сәйкес, тараптар Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезінде банктік сүйемелдеу тәжірибесін қолдануға ниетті.

Өз кезегінде, Газпромбанк осы технологияны басқа елдерге экспорттайтын жалғыз ресейлік несиелік ұйым бола отырып, серіктеске өнім бойынша әдістемелік, консультациялық және басқа да сараптамалық қолдау көрсетеді.

«ТКШ ҚазОрталығы» КПТҮ күрделі жөндеу жобаларын іске асыру барысында қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылауды қамтамасыз ету үшін осы озық сервисті қолдану мүмкіндігін қарастыруда», - деп «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әділхан Өмірбаев қорытындылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив