Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
462.31 536.09 5.34

ХҚКО қызметкерлері деректердің жария болып кетпеуіне жауапты болады

4-10-2023, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Жалпы отырыста Мемлекеттік корпорация мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлданды. Оған мемлекеттік қызметтер көрсетуді оңтайландыру және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жұмысын жетілдіру мақсатымен депутаттар бастамашылық жасады.

Мемлекеттік корпорацияның мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін және дербес деректерге қол жеткізе алатын қызметкерлері мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестіріледі. Бұл қызметкерлердің жауапкершілігін арттырады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәртебесі өзгертілмек. Корпорация фронт-офистердің жұмысы және қосымша сервистерді іске асыру бөлігінде мемлекеттік қызметтердің жалғыз операторы мәртебесінен айырылады.

Сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияға Е-Өтініш ақпараттық жүйесі шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды ұйымдастыру құзыретін беру көзделіп отыр.

Заң жобасы аясында 16 заңнамалық актіге, оның ішінде Қылмыстық және Жер кодексіне түзетулер енгізу ұсынылады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив