Облыстық бюджетке өзгерістер енгізілді
Бүгін 4 қазан күні Абай облысы мәслихатының кезекті сегізінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына Абай облысының әкімі Нұрлан Тельманұлы Ұранхаев және мемлекеттік мекемелердің басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Абай облысы мәслихатының депутаттық корпусының құрамындағы партиялық тізіммен сайланған депутаттарбойынша өзгерістермен Абай облысы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Наталия Анатольевна Фесенько таныстырды. Абай облысындағы "Қазақстан Халық партиясы" партия филиалының партиялық тізімі бойынша сайланған Айдын Қалдыбайұлы Егеубаевтың, Абай облысындағы "AMANAT" партиясы филиалының партиялық тізімі бойынша сайланған Қанат Серікқанұлы Әділбай және Владимир Владимирович Бабиченконың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды.
Сессия барысында аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы "Қазақстан Халықтық партиясы" қоғамдық бірлестігінің Абай облысындағы филиалының партиялық тізіміне енгізілген Мейірлі Мейрамбекұлы Кенеспекке, Олег Олегович Давыдович пен Мұхит ШыңғысбекұлыТұрсыновқа облыс мәслихатының депутаттық мандатын беріп, төс белгілері мен кәуліктерін табыстады.
Сессия күн тәртібіне келесі мәселелер ұсынылды. Атап айтсақ, Абай облысының жылу беру маусымына дайындық туралы, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының орындалуы туралы Абай облысы бойынша мемлекеттік сатыпалулар басқармасы басшысының есебі, «Абай облысы Курчатов қаласындағы 120 орындық «Тополек» балабақшасын қайта құру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді тоқтату туралы, Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 11/66-VІI «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, Абай облысы мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы, Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/55-VII «Абай облысында жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы, Абай облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы, Абай облысының Қоғамдық кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелері қаралды.
Абай облыстық мәслихат депутаттары сессияда 2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджеттің 11-ші шешіміне өзгерістер енгізді.Шешім жобасында облыстық бюджет көлемін 1 201 525,8 мың теңгеге меншікті кірістер есебінен ұлғайту жоспарланып отыр. Оның ішінде бюджеттің шығыс бөлігінде ірі қара малға арналған жем шөпті субсидиялауға 722 584,5 мың теңге қарастырылады. Бұл сұрақ облыс шаруа қожалықтары, Қазақтың ақбас тұқымы республикалық палатасы тарапынан бірнеше мәрте көтерілген болатын. Мәселе бүгін депутаттық корпуспен, Абай облысы әкімінің қолдауымен шешімін тапты. Шығындарды субсидиялауға қаражат бөлу – малбасын сақтап қалуға, Абай облысын қуаңшылықтан сақтап, шаруа қожалықтарын дамытуға мүмкіндік береді.
Депутаттар көтерілген мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.