Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде

4-10-2023, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қарулы күштер Тылы бастығының басқармасы «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі.

Нормативтік құқықтық актінің жобасымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің «Әскери қызметшілерге темір жол, автомобиль және ішкі су көлігінде өз мүлкін республикаішілік тасымалдауға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 2 тамыздағы № 404, «Әскери қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне мемлекет есебінен әуе көлігінде ішкі және халықаралық авиамаршруттармен жол жүруге мемлекет есебінен әуе көлігінде ішкі және халықаралық авиамаршруттармен жол жүруге құқық беру қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 2 тамыздағы № 406, «Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде әскери тасымалдарды ресімдеу және оларға ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 8 тамыздағы № 428 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. 

Бұйрықтар республикаішілік және халықаралық қатынастарда әскери тасымалдар үшін жол жүру және ақы төлеу тәртібін айқындайды. Өзгерістер мен толықтырулар құқықтық олқылықтарды жоюға және әскери тасымалдарды ұйымдастыру саласындағы рәсімдерді бюрократизациялауға бағытталған.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 16 қазанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14735549 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив