Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Павлодарда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» форумы өтіп жатыр

6-10-2023, 13:31 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» республикалық форумын өткізуде.

Форум ашық интерактивті алаң форматында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Аурика Дяк, облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова, «Қоғамдық келісім» РММ директоры Элина Масагутова, этномәдени бірлестіктерінің, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері, БАҚ өкілдері және TikTok желісінің белгілі блогерлері қатысады.

Форум барысында қоғам қайраткері Қанат Тасибеков, әдіскер,
«QR код» бағдарламасының авторы Шолпан Кинжикова, тіл үйрену мектебінің негізін қалаушы, «Kaz_uroki» бағдарламасының авторы Сергей Хванның шеберлік сабақтары өткізілді.

Қатысушылар диалог алаңдарында мемлекеттік тілдің рөлін күшейту жолдарын талқылап, мемлекеттік тілді үйренудің озық тәжірибелерімен танысуда.

Сонымен қатар, қатысушылардың қаланың мәдени-білім беру және тарихи-өлкетану нысандарына барып, онда экспонаттармен және өңірдің ғылыми қорымен танысатын болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив