Қазақстан Ауғанстанға құтқарушылар мен гуманитарлық көмек жібереді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл мәселе Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды.
Гуманитарлық көмек азық-түлік тауарлары, шатырлар, дәрі-дәрмектер, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұрады. Жүктер жақын арада әуе және теміржол көлігімен жөнелтілетін болады.
Сонымен қатар Ауғанстанға үйінділер астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберіледі.
Қазақстан биылғы 7 қазанда Герат провинциясында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарын жою мақсатында Ауғанстанға қолдау көрсетеді.
Тағыда оқыңыз
Түркиядан құтқарушылардың бір бөлігі аман-есен елге оралдыАстанада Түркиядан келген құтқарушыларды министр күтіп алдыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҮкіметте Қазақстан өңірлерінің су тасқынына дайындығы қаралдыҚазақстан ТЖМ құтқарушылары Түркияда іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда