Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Дәурен Қазантаев Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды

10-10-2023, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Дәурен Қазантаев Ғанибекұлы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Дәурен Қазантаев 1984 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірді. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2005 жылы жеке құрылымдарда инвестиция және корпоративтік бизнес бойынша талдаушы болып бастаған.

2007-2010 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі құрылымында жетекші маманның міндетін атқарушы, сарапшы.

2010-2016 жылдары Жамбыл және Павлодар облыстары әкімдіктерінің құрылымдарында қызмет еткен.

2016-2020 жылдары – ҚР энергетика министрінің кеңесшісі.

2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін Астана қ. Табиғатты қорғау департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив