Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

ІІМ балалардың өмірін жол апатынан сақтауға шақырады

10-10-2023, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Ішкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушылардың барлығын жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады.

Жолдағы қауіпсіздік жағдайы маңызды және өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Ол үшін бұл бағытта көп нәрсе жасалып жатыр. Заңнамалар өзгертіліп, жолдарда жаңа инженерлік шешімдер енгізіліп келеді.

Ақпараттық жүйелер мен бағдарламалар жол жүрісіне қатысушылардың қауіпсіздігін арттырып, полиция жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бұл жолдағы қауіпсіздік деңгейін жақсартуға да әсер етеді. Мәселен, ағымдағы жылы апаттылықтың барлық көрсеткіштері төмендеді:

– жол-көлік оқиғалары – 4%-ға

– онда қаза болғандардың саны – 2%-ға

– жарақат алғандардың саны – 8%-ға.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде мыңнан астам азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.

– Мен ата-аналарға, тәрбиешілерге, ұстаздарға және еліміздің ересек тұрғындарына үндеу жасағым келеді. Өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі біздің қолымызда екенін ұмытпайық!

Жалпы көрсеткіштердің төмендеуіне қарамастан, биыл да жол апаты салдарынан болған жасөспірімдер өлімінің көрсеткіші бұрынғыдай жоғары деңгейде қалып отыр. Тоғыз ай ішінде жол апатынан 210 бала көз жұмған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға көп, – деді ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Балалар – жол жүрісіне қатысушылардың ең осал санаттарының бірі. Сондықтан балалар мен жасөспірімдердің жол жүрісі қағидаларын бұзбауын түсіндіру, ереже бұзу жәйттеріне куә болған жағдайда оның алдын алу – әрбір ересек адамның міндеті.

– Полицияның жыл сайын халықпен жүргізіп жатқан түсіндіру жұмыстарына қарамастан, біз балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ескі мәселелермен әлі де кезігудеміз. Бұл – жол-көлік оқиғалары.

Жол апатынан зардап шеккен балалардың жартысынан көбі жолаушылар, ал қалған бөлігі – жаяу жүргіншілер екенін атап өткен жөн, – деді Боранова.

Спикердің айтуынша, көп жағдайда зардап шеккен балаларды ересектер автокөлікте тасымалдау ережелерін бұзып, балаларды ұстау құрылғыларынсыз, яғни автокреслосыз, бустерсіз, адаптерсіз немесе мүлдем бекітілмеген күйде тасымалдайды.

– Балалар ересектердің мінез-құлқын қайталайды, сол себепті рұқсат етілген және қауіпсіз жерден емес, өзі қалаған жерде жолды кесіп өту деректері кездесіп жатады. Ересектер балаларға электросамокаттарды, мопедтерді, электрлі велосипедтерді өздері сатып алып береді де, бірақ оларды қалай қауіпсіз пайдалану керектігін түсіндірмейді.

Қарапайым жол ережелерін түсіндіру және ересектердің оларды сақтаудағы ұстанымы сіздің балаңыздың немесе жақын туысыңыздың өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Егер сіздің көзіңізше балалар жол ережесін бұзса, бірер минут уақытыңызды бөліп, балаға оның ереже бұзғанын түсіндіре кетіңіз.

Бір, екі немесе үш минут уақытыңыз жұмысыңызға қатты әсер етпейді, ал бала үшін ересек адамның ескертуі өмір бойы есте қалады. Міне, осы дүниелер тәлім-тәрбие элементтері болып табылады және қоғамның “нөлдік төзімділік” принципін көрсетеді.

Ал өз кезегінде Министрлік жолдағы балалар өлімін азайту, құқықтық ағарту, балалардың жол-көлік оқиғаларында жарақаттануының алдын алу жөніндегі шараларды жалғастыратын болады.

Құрметті жол жүрісіне қатысушылар, барлықтарыңызды қарапайым жол ережелерін сақтауға шақырамыз.

Асықпаңыз, аптықпаңыз! Балалардың қауіпсіздікте болуын қадағалаңыз, үнемделген секундтар мен минуттар тәуекелге тұрарлық нәрсе емес! Өйткені сіздің өміріңіз бен балаларыңыздың өмірінен маңызды ештеңе жоқ! – деді полиция подполковнигі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив