Cемей-12°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Семейде сарбаздарды салтанатты қарсы алу шарасы өтті

12-10-2023, 09:21 018.kz

Семей қаласының темір жол бекетінде қызметтерін әскерде өтеген сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алу шарасы өткізілді. 20 жуық сарбаз өздерінің азаматтық борышын десанттық – шабуылдау әскерлеріне қарасты әскери бөлімінде өтеген. 

Қызметін өтеген сарбаздарды қарсы алуға атан-аналары, жақын туыстары және достары келген. Ұлдарын асыған күткен жақындарындың қолдарында гүл букеттері, әуе шарлары мен плакаттар. Көптен күткен сәтте ұлдары келе жатқан пойыздың қай жолға келіп тоқтайтынын хабарлағанын естіген жиналушылар сол жаққа қарай бет алды. 

Сарбаздарды қарсы алу үшін Абай облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері мен әскери оркестрде келген. Салтанатты түрде сап түзеп, көпшілік алдында темір жол бекеті алдына бет алған сарбаздар аман-есен оралғандары туралы департамент басшының орынбасарына баянат жасады. 

Ұлдарының есейіп, ер жетіп, сыптай болғанын көрген жақындары көз жасына ерік берді. Әкелері болса мақтаныш сезімде болып, қуаныштары қойнына сыймай күле берді. Қарсы алуышлар арасында мерзімді қызметін өтеп оралған Болат Құрмангелдиновтің апасы Жібек Бейсекова да бар.

- Командирлерге алғысым шексіз, ұлымыз ер жетіп есейгені көрініп-ақ тұр. Қуанышыма әлі сене алмай тұрмын, - деп сарбаздың апасы эмоциясымен бөлісті.

Қызметін өтеген сарбаздар 3 күн ішінде жергілікті басқару органдарына барып есепке тұруға міндетті. 

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив