Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Астанада алғаш рет Қазақстан мен Бахрейн сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялар өтті

13-10-2023, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев пен Бахрейн Корольдігінің Сыртқы істер министрінің орынбасары Шейх Абдулла бен Ахмед Әл Халифаның төрағалығымен Қазақстан-Бахрейн саяси консультацияларының 1-ші раунды өтті.

Саяси консультациялар барысында тараптар достық пен өзара тиімді серіктестік қағидаттарына негізделген Қазақстан-Бахрейн қарым-қатынасының оң серпіні мен табысты дамуын жоғары бағалады.

Сұхбаттасушылар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, сауда және инвестиция, көлік-логистика, туризм, ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі, жастар және спорт салаларындағы ынтымақтастықты орнату және кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында тараптар сапарлармен алмасу тәжірибесін жалғастыруға, сондай-ақ екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге ниетті екендіктерін растады.

Отырыс барысында күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер бойынша, сондай-ақ БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК, ШЫҰ және т.б. көпжақты құрылымдар аясындағы өзара тиімді серіктестік туралы пікір алмасу болды. Көпжақты ынтымақтастықтың маңызды аспектісі ретінде ағымдағы жылдың шілде айында Жидда қаласында алғашқы Саммиті өткен «Орталық Азия –Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесі» Диалогтық платформасын одан әрі дамыту мәселесі атап өтілді. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сыртқы істер министрліктері арасында тығыз диалогты жалғастыруға келісті және екіжақты консультацияларды тұрақты өткізудің қажеттілігін атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив