Қазақстан мен Литва арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 28,7%-ға өсті
2023 жылғы 10 қазанда ҚР Сауда және интеграция Вице-министрі Қайрат Төребаев Литва Республикасының Сыртқы істер вице-министрі Йовита Нелюпшенемен кездесті.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен мүмкіндіктерін талқылады.
Вице-министр Қ. Төребаев Қазақстан мен Литва арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 28,7%-ға өсіп, $584,3 млн. құрағанын атап өтті, сонымен бірге Литваға $350,5 млн. жалпы сомасына 70 атау бойынша қазақстандық өнім экспортын ұлғайту әлеуеті туралы хабардар етті.
Өз кезегінде, Литва Вице-министрі сауда көрсеткіштерін жақсарту үшін ынтымақтастыққа дайын екенін атай отыра, Литваның импорттық және экспорттық әлеуеті туралы хабарлады.
Сонымен қатар тараптар Қазақстан-литва сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының экономиканың түрлі салаларындағы екіжақты өзара іс-қимылды нығайтудағы рөлін атап өтті.
Соңында тараптар сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін одан әрі өзара ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.