Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Сенат Төрағасы «Ел бірлігі» дебат сайысына қатысушылармен кездесті

16-10-2023, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кубогы сарапқа салынатын «Ел бірлігі» республикалық дебат сайысына қатысушылармен кездесті.

Палата Төрағасы талантты және білімді жастарды қолдаудың маңызы зор екенін айтты. Жас буын елді жаңғырту және Әділетті Қазақстан құру ісінде қозғаушы күш ретінде айрықша рөл атқарады.

Сондықтан Мемлекет басшысы өз Жолдауында елімізде білім беру сапасын арттыру мәселесіне үнемі баса мән беріп келеді.

«Ел бірлігі» дебат сайысын өткізу мемлекеттік тілді дамытуға және оның қолданылу аясын кеңейтуге айтарлықтай үлес қосады. Сенат тарапынан мұндай бастамаларға әрдайым қолдау көрсетеміз. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған сенаторлар да бұл бағытта белсенді жұмыс істейді. Өйткені, ел бірлігін нығайту және мемлекеттік тілдің ұлтты ұйыстырушы рөлін арттыру арқылы қоғамдық келісімді сақтау – біздің ортақ мақсатымыз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы Палатаның жастарды қолдау бағытында атқарып келе жатқан жұмыстары жөнінде айтты. Мемлекеттік басқару ісіне жас буынды тартудың, тиісті жобалар мен заңнамаға өзгерістер енгізу арқылы олардың азаматтық әлеуетін жандандырудың маңыздылығына да назар аударды. Сондай-ақ ол Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының және Талдау мектебінің қызметіне тоқталып өтті.

Суретті түсірген: Н. Байбулин

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив