Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Халықты жұмыспен қамту бағытында жүйелі жұмыс жалғасып жатыр

17-10-2023, 14:59 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгінде облыста 21 336 жұмыс орны құрылды, бұл жоспардың 86%-ын құрайды. Барлық шаралар еңбек ұтқырлығын арттыру бойынша бекітілген Жол картасы шеңберінде жүйелі жүргізіледі.

Өңірде жұмыс берушілерді тарта отырып, бос орындар жәрмеңкелері үнемі өткізіліп тұрады. Оларға тұрақты негізде 150-ден астам мекеме қатысады.

Соңымен қатар, еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударушыларды көшіруге 238 адамға бөлінген квота мерзімінен бұрын орындалып, қосымша 150 адамға квота бөлуге өтінім берілді.

Қазіргі күні қандастарды қоныс аудару жоспары 71%-ды құрайды, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш толығымен жүзеге асырылады деп көзделген. Бағдарлама қатысушыларына барлық мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіліп жатыр.

Тұтастай алғанда, қабылданып жатқан кешенді шаралар Жұмыспен қамту саласының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуге, сондай-ақ 2-тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейін 4,7 % дейін төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив