Cемей8°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Түркі елдерінің өкілдері ақпарат саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады

18-10-2023, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

Бішкекте Түркі мемлекеттері Ұйымының медиа және ақпарат мәселелері бойынша министрлер мен жоғары лауазымды тұлғаларының 5-ші кеңесі өтті. Оған ТМҰ Бас хатшысы Қуанышбек Өміралиев, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов, Әзербайжан, Өзбекстан, Түркия Республикасы, Түрікменстан және Венгрия делегациялары қатысты.

Қазақстандық делегация құрамына «Қазақстан РТРК» АҚ және «Хабар» Агенттігінің өкілдері де кірді.

Кеңес аясында тараптар ТМҰ-ға қатысушы елдердің ақпараттық өзара іс-қимылының, ынтымақтастықты дамытудың, ұйымға мүше мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының өзекті тақырыптарын талқылады.

Отырыс барысында Қанат Ысқақов бұқаралық ақпарат құралдарының тұрақтылықты сақтаудағы және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ерекше рөлін атап өтіп, түркі елдері арасындағы ақпарат саласындағы өзара іс-қимыл ТМҰ елдерінің мәдениеті мен тарихи өзара байланысын нығайтуға серпін беретінін айтты.

Сондай-ақ, жалған ақпаратқа қарсы іс-қимылға, бірлескен медиа жобаларды іске асыруға және ақпараттық салада тәжірибе алмасуға бағытталған жұмысты жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация Қырғызстан мен Өзбекстаннан келген әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізіп, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, оның ішінде Қазақстанда қабылданған «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Заң бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Тараптар ақпарат және БАҚ саласындағы өзара ынтымақтастық, контент алмасу, жалған ақпаратқа қарсы күрес бойынша бірыңғай платформа құру, сондай-ақ қоғамдық дипломатия саласындағы бірлескен жұмыс мәселелерін талқылады.

Екі күндік кеңестің қорытындысы бойынша ТМҰ-ға қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы шешім қабылданды,- бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мен көтермелеу, сондай-ақ кең ауқымда өзара ақпарат алмасу және дамудың т.б. басым бағыттары айқындалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив