Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
479.05 534.57 5.17

Абай облысының әкімі Құтқарушылар күнімен құттықтады

19-10-2023, 09:21 018.kz

Құрметті азаматтық қорғаныс саласының ардагерлері және сала қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – ҚР құтқарушылары күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тайсалмас табандылық пен қайтпас қайсарлық көрсетіп, жоғары жауапкершілікпен қызмет атқарып, міндетін мүлтіксіз орындайтын қызметкерлердің батылдықтары мен жанқиярлық әрекеттері түрлі табиғи және техногендік сипаттағы апаттардан адам өміріне араша болып келеді.

Сіздердің бейбіт күндегі батырлықтарыңыз жас ұрпақты елжандылық пен батылдыққа тәрбиелеп, жауынгерлік рух, патриоттық сезімдерін қалыптастырады. Антына адал, сертіне берік, ел тағдырын өз тағдырынан биік қойып, ерліктің жарқын үлгісін көрсеткен сала қызметкерлеріне зор алғысымды білдіремін!

Кәсіби мереке қарсаңында, баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін!

Құрметпен, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив