Cемей17°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
441.77 502.38 5.23

ҚР СІМ-де Вьетнаммен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

19-10-2023, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Вьетнам Социалистік Республикасының Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары Нгуен Тхи Хоанг Ванмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін талқылап, Қазақстан мен Вьетнамның мүдделі мекемелері арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтудің ықтимал жолдарын қарастырды.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың тамыз айында Ханойға сапары барысындағы қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша пікір алмасылды. Атап айтқанда, жылына бір миллиард долларға дейін ұлғайтуы көзделген екі мемлекет арасындағы экономикалық динамиканың оңдылығы аталды.

Кездесудің нәтижесі бойынша тараптар Қазақстан мен Вьетнам арасындағы, оның ішінде парламентаралық өзара іс-қимыл шеңберінде сындарлы екіжақты ынтымақтастықты жандандыру мақсатында өзара қолдау көрсетуге уағдаласты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив