Cемей-14°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

«Азаматтық қоғамды дамыту мәселесі бойынша Кешенді баяндама» жобасы әзірленді

19-10-2023, 11:43 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ базасында «Азаматтық қоғамды дамыту мәселесі бойынша Кешенді баяндама» жобасы (бұдан әрі – Баяндама) әзірленді.

XI астаналық Азаматтық форумның жұмысы барысында аталған Баяндаманың талқылауы өтті.

Баяндаманың негізгі тақырыбы – салыстырмалы форматта қолданылатын мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы қарым-қатынастарды құру моделі.

Кешенді баяндама түрлі мәселелерді бірлесіп шешуде мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың өзара әрекеттестігінің ең маңызды халықаралық тәжірибесін (ТМД елдері, Еуропа, Оңтүстік Америка, Жапония, Қытай) ұсынады. Баяндамада азаматтық қоғамның тұрақты дамуы мен ҮЕҰ қызметінің тиімділігіне, елдегі азаматтық қоғамның пайда болу тарихы мен қазіргі жағдайына ерекше назар аударылған. Баяндамада республиканың ҮЕҰ өкілдерімен жүргізілген тереңдетілген сұхбаттарды талдау нәтижелері қамтылып, мемлекеттік органдар мен азаматтық сектордың тиімді өзара іс-қимылының мысалдары келтірілген.

Баяндаманы әзірлеу барысында сапалы әдіс – ел дамуының түрлі салаларында тиімді жұмыс істейтін ҮЕҰ жетекшілерімен жүйелі сараптамалық сұхбат қолданылды. Баяндама құрылымы үш тараудан, кіріспеден және қорытындыдан тұрады. Тараулар бір форматта берілген: ағымдағы жағдай мен шарттар; мәселелер; әртүрлі кейстер мен шешімдер (мысалдармен); ұсыныстар; қорытынды.

Талқылау барысында әзірленген барлық ұсыныстар кешенді баяндаманың соңғы нұсқасына енгізіледі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив