Қазақстанда халал өнімдері мен қызметтерін сертификаттау жөніндегі алғашқы аккредиттелген орган пайда болды
Ішкі тұтынушылар үшін бұл шара Халал бағалау субьектісінің сертификаттарына сенім артуға негіз болып табылады, ал аккредиттелген ұйымның сертификаттарын алатын ұйымдар үшін өз өнімдері мен қызметтерін экспорттауға қосымша мүмкіндіктер ашады.
ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығының ақпараты бойынша, 2023 жылғы 16 қазанда Халал өнімдерінің, процестері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі орган «Halal Quality Center» ЖШС Алматы қ., «Сәйкестікті бағалау стандартының» ҚР СТ OIC/SMIIC 2-2022 талаптарына сай акредиттелді.
Халал бойынша аккредиттеу - Қазақстандағы сапаны бағалау жүйесіндегі жаңа бағыттардың бірі болып табылады. Аккредиттелген Халал сертификатының жағымды әсері соңғы тұтынушыға дейін таратылады, ол Халал сертификатының артында сәйкестікті растаудың бүкіл жүйесі бар екеніне сенімді болады: аккредиттеу сертификаттау органдарына деген сенімді арттырады.
Өз кезегінде, сертификаттау органдары өздері ұстанатын стандарттардың жоғары талаптарына сай келетін Халал өнімдерін өндірушілерге тапсырады. Ал өндірушілер сертификаттау арқылы тұтынушыларға стандарттарға сәйкес өндірілген өнімдерді немесе қызметтерді ұсынатын болады.
Сондықтан сертификаттау органының бірінші аккредитациясы Қазақстандағы халал индустриясының сөзсіз жетістігі болып табылады.